Сәлем, менің есімім Перизат. Мамандығым бойынша филологпын, ал соңғы жылдарда адамның ішкі дүниесін жан-жақты зерттеуге кірістім. Негізі бұл қызығушылық балалығымнан бойымда бар-тын. Кез-келген жанмен сөйлесуге, сырын тыңдауға ашық едім. Шығармашылыққа жақындығым шығар, мектепте ешкім менсіне қоймайтын “әдеп” және “өзін-өзі тану” пәндерін ерекше жақсы көретінмін. Болашақ мамандықты таңдар кезімде үлгі тұтарлық адам болмады ма, әлде психология әлемі айнала үшін маңызды емес пе еді, әйтеуір осы салаға келу еш ойымда болмапты. Жалпы гуманитарияның адамы екенімді ішім сезетін. Солайша қазақ тілі мен әдебиетін таңдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “филология, әдебиеттану және әлем тілдері” факультетін тәмәмдап шықтым.
Ақпараттық технологиялар заманындамыз ғой, инстаграм желісі пайда болғаннан ойымды бөлісіп жүретінмін. Жазған дүниелерім өзгелердің жүрегіне жол тауып, оқырмандар өздігінен көбейе бастады. Тіпті еш танымайтын жандар өз сырларын ақтарып, “сізбен сөйлессем, жеңілдеп қаламын” деп бастағанда да психологияға жақындығымды аңғармаппын.
Психологияның өзіне жоламайтын жан болғандықтан, “туған күніңді айт, мен саған болашағыңды айтып берем” дейтіндерден мүлде қырық қадам алшақ жүретінмін. Бір күні университет қабырғасында танысқан құрбымның парақшасынан хабарландыру көрдім. Онда “Жаңа сала бастадым. Бұдан да терең дамытқым келеді. Қазір оқуға ақша жинаудамын, сізге “символическая суммаға” талдау жасап беремін. Туған күніңіз бен телефон номеріңізді қалдырсаңыз болғаны” деп жазылыпты (сөзбе-сөз емес, жалпы мағынасы осыған келеді).
Кім жаңа бастамаға кіріссе, қолымнан келгенше қолдауға тырысамын. Сол ниетпен туған күнімді жаздым. Бірнеше күннен кейін жауап жазып, бір сағаттан астам аудио жіберді. Тыңдап бастадым. Ол қызбен бір студенттік ұйымда болғанымыз болмаса, керемет жақын емес едік. Шай ішіп сырласпағанбыз. Бірақ аудиосынан менің болмысыма рентген жасап жатқандай түйілді. Ішімдегі көп сұраққа жауап табылды. Ал ең қызығы - менен психологтың коды шықты.
Сонда да психология әлеміне бірден келе қоймадым. Алайда талдауда айтылғандарға ойша анализ жасап, мықты тұстарымды әрі қарай дамытып, әлсіз тараптарымды қолға ала бастадым. “Бұл қандай сала? Қалай менің ішкі жан дүниемді айтып тұр? Ешқандай болжам жоқ екен, ендеше нумерология емес пе? Қандай айырмашылығы бар, нендей артықшылығы бар?” деп іздене бастадым. Кітаптар оқыдым, өз құрбыларыма разбор істей бастадым. Бәрінен оң пікір алған соң, айналысып көрейін деп шештім.
Маған талдау жасаған танысыма хабарласып, білімімен бөлісуін, тіпті ұстаздық етуін сұрадым. Ол да келісе кетті. Осылайша психоматрицалық талдау әлеміне аяқ бастым.
Сабақ оқу барысында кез-келген мәліметтерді әуелі өзімнің тәжірибемде пайдалануды жөн көрдім. База бойынша менде энергияның тапшылығы (дефицит) бар. Бірінші соны реттеуден бастадым. Әрі қарай төмен инициатива, ақша шашқыштық, тәуекелшілдік сынды қасиеттеріме көмек көрсеттім. Ақпаратты оңай сіңіріп, айналаға жеткізе алатын қабілетімді шыңдадым. Оқумен қатар мен де “символическая суммаға” талдаулар жасап жүрдім.
Нәтиже де көп күттірген жоқ, өмірімде өзгерістер орын ала бастады. Бұл сіздерге мұғжиза ретінде көрінбесін. Жаратқанға тәуекелің, ішкі ниетің және әрекетің ұштасса - сенің потенциалың ашылмай қоймайды. “Болдым, толдым” дейтін кім бар? Ізденіс еш таусылмайды, өзіңмен жұмысың да соңына дейін болуы шарт.
Ресейлік методиканың көп жері өзіме ұнады. Алайда біздің металитетпен ұштаспайтын жерлері бар. Мысалы, энергиясы жоғары бола тұра “күшім жоқ, шаршап жүремін” дейтін келіншектер көп. Бұл жерде қазекемдердің өмір сүру салты тікелей роль ойнайды. Темперамент секторы бойынша көптеген қарама-қайшылық кездесті (талдаулар барысында). Сәттілік секторын дұрыстап түсіндірмесең, болжам секілді көрініс табуы ықтимал. 3000-ға жуық талдауларды анализ жасай келе, біздің менталитетке сәйкес келетін система құрастырғандаймын (әлі де жалғасын табуда).
Тек “сандар анықтамасы” деңгейінде қалғым келмей, психология әлеміне де тереңдей түстім. “Сізде агрессия бар” деп қана қоймай, онымен күресу жолын да жеткізгім келді. “Сіз тым көп жауапкепшілік аласыз” деп қысқа қайырмай, өзіне назар аударуы қажет тұстарды сызып көрсеткім келді. Осылайша Орталық Азия психоанализ институтының курсанты, Бала психологиясы бойынша “Айнұр Алдаш академиясының” түлегі атандым.
Әр адам өзін табуға тырысады. Қазір байқасаңыздар, «өзімді жоғалтып алдым», «немен айналысарымды білмеймін», «өзімді түсінбеймін» дейтіндер көп. Ал пенде өзін әсті-әсті құрастыратынын ұқпай жатады. Біз қандай да бір қайғыға душар болғанымызда немесе шарасыз қалғанымызда кез-келген дүниеге сенгіміз келіп тұрады. Біз солай әлсіз жаратылғанбыз... Осыны пайдаланатын кей әккілер «болашағыңды болжап беремін», «сәтті күніңді, сәтті жылыңды, сәтті түсің мен сәтті тасыңды біліп алып, тек соған қарай әрекет ет» деп адасушылыққа бастайды. Біздің ғылымның ерекшелігі де сол – болжам, прогноз жасамаймыз.
Психоматрицалық талдау – Пифагор матрицасына ең нақты талдау ұсынатын ғылым саласы. Ғылым деген сөзге назар аударыңыздар. Ешқандай болжам, сиқыр, көріпкелдік, бақсылық емес. Адамның мінез-құлық психологиясына негізделген ғылыми көзқарас.
Туған күн арқылы адамның ішкі психологиялық портретін құрастырамыз. Оның амбициясын, потенциалын, күші мен мүмкіндіктерін, энергия деңгейін, қабілеттері мен профессиялық бағытын анықтаймыз. Матрица – базалық күйіміз, осы өмірде берілген ерекше қабілеттеріміз бен қасиеттеріміздің жиынтығы. Оны ашу, дамыту – өз қолымызда. Бір сөзбен айтқанда, матрица – өзімізді қабылдап, мықты тұстарымызды одан әрі дамытып, әлсіз жақтарымызбен күресуімізге жәрдемдеседі. Ішкі күйімізді талдауға септігін тигізеді.
Осы орайда менің бір көмегім тисе, пайдам болса, өте қуаныштымын! Өзімен жұмыс істеуге ниетті әр адамды құшақ жая қарсы аламын. Психоматрицалық талдауда кездесейік!
Төмендегі жолға туған күніңізді, айыңызды, жылыңызды енгізіп психоматрицаны есептеңіз.
Қосымша сан | Тағдыр саны | Темперамент | |
Мінез-құлық | Денсаулық | Сәттілік | Мақсаттылық |
Энергия | Логика | Жауапкершілік | Отбасы |
Қызығушылық | Еңбек | Есте сақтау | Әдет |
Өзін-өзін бағалау | Ақша секторы | Талант | Руханилық |
Матритца сандарын толық есептеу үшін талдауға жазылыңыз!
Төмендегі байланыс номерлері арқылы менімен хабарға шыға аласыздар.